«Құрылымдық статистика бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 1 қарашадағы № 306 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 29 тамыздағы № 207 Бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2014 жылғы 14 қарашадағы № 50 бұйрығымен 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Мемлекеттік статистиканы жетілдіру мақсатында, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құрылымдық статистика бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 1 қарашадағы № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8189 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
9, 10, 11, 12, 13, 14-қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4, 5, 6-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Стратегиялық даму департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің интернет-ресурсында міндетті түрде жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Стратегиялық даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыста басшылыққа алу үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.