Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты» мемлекеттік мекемесіне азаматтарды қабылдау Қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 370 бұйрығы
Осы редакция 2014 жылғы 3 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 9-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымша берілген «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтына» мемлекеттік мекемесіне қабылдау Қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № 160 «Көкшетау техникалық институтына іріктеу мен қабылдау Ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6297 болып енгізілген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2010 жылы, № 15 (Тиражға шыққан уақыты 25 қараша 2010 жылы); «Казахстанская правда» 2010 жылғы 16 қараша, № 312 (26373); «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 7 қаңтардағы № 3-4 (26406) газеттерінде жарияланған) бұйрығының күші жойылсын.
3. Кадрлық қамтамасыз ету департаменті (Е.Б. Құлтаев) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және мерзімдік баспа басылымдарында жариялануын қамтамасыз етсін.