Облыс әкімдігінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 424 «Карантин режимін енгізе отырып карантиндік аймақты анықтау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақтөбе облысының әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 142 Қаулысы
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 192 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңы 9-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 06-13/29 ұсынысы негізінде Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімдігінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 424 «Карантин режимін енгізе отырып карантиндік аймақты анықтау туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3385 тіркелген, 2012 жылғы 28 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулысының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |
Облыс әкімдігінің
2014 жылғы 6 мамырдағы
№ 142 қаулысына қосымша
Жатаған укекіреге карантин режимін енгізе отырып карантиндік аймақ белгіленетін шаруашылық жүргізуші субъектілері.
Әйтеке би ауданы
| № | Шаруашылықтың атауы | Көлемі, гектар |
| Ақтасты ауылдық округі | 235,6 |
| 1 | «Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестік | 200,74 |
| 2 | «Болашақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестік | 0,96 |
| 3 | «Әсем-Наз» өндірістік кооперативі | 33,9 |
| Әйке ауылдық округі | 254 |
| 4 | «ПСКОВ» жауапкершілігі шектеулі серіктестік | 141 |
| 5 | «Алға» шаруа қожалығы | 23 |
| 6 | «ШЫҢҒЫС» шаруа қожалығы | 30 |
| 7 | «Жаназар» шаруа қожалығы | 2 |
| 8 | «Ақгүл» шаруа қожалығы | 6 |