Субсидиялар нормаларын және субсидияланатын гербицидтердің, тыңайтқыштардың түрлерін белгілеу туралы
Ақтөбе облысының әкімдігінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 228 Қаулысы
(2014.20.11. берілген өзгерістермен)
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 301 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 573 қаулысымен бекітілген өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау Қағидаларының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысымен бекітілген тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау Қағидаларының 7-тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
субсидияланатын гербицидтердің түрлері және гербицид жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормалары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және отандық өндірушілер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) немесе тыңайтқыштар берушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялардың нормалары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М.Тағымовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Мамытбеков А.
Ақтөбе облысының әкімдігінің 2014.20.11. № 408 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Ақтөбе облыс әкімдігінің