2015 жылға субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 301 Қаулысы
Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 5 тамыздағы № 318 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығымен бекітілген тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау Қағидаларының 4-тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Субсидияланатын отандық тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Мыналардың:
1) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 228 «Субсидиялар нормаларын және субсидияланатын гербицидтердің, тыңайтқыштардың түрлерін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3971 тіркелген, 2014 жылғы 31 шілдеде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) қаулысының;