Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын, сатудан түсетiн ақша өздерiнiң иелiгiнде қалатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарлары (жұмыстары, көрсетiлетiн қызметтерi) тiзбесiнiң сыныптауышын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығы
(2014.15.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2012.18.05. № 259 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2012.18.05. № 259 бұйрығымен кiрiспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнiң 102-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекiтiлген Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiнiң 329-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2013.13.05. № 236 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын, сатудан түсетiн ақша өздерiнiң иелiгiнде қалатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарлары (жұмыстары, көрсетiлетiн қызметтерi) тiзбесiнiң сыныптауышы бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелер тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесі сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 456 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5057 болып тіркелген);