2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8/74-VI шешімі
(2017.23.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017.25.01. № 10/102-VI шешімімен (бұр.ред.қара); 2017.30.03. № 11/109-VI шешімімен (бұр.ред.қара); 2017.27.06 № 13/143-VI шешімімен (бұр.ред.қара); 2017.23.10. № 15/186-VI шешiмiмен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Оңтүстік Қазақстан облысының 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер - 493 416 162 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша - 28 765 169 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша - 4 124 995 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 40 000 мың теңге;
трансферттер түсiмi бойынша - 460 485 998 мың теңге;
2) шығындар - 491 275 970 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 7 279 787 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 13 215 667 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 5 935 880 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 693 106 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 693 106 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - - 5 832 701 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 5 832 701 мың теңге.
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017.30.03. № 11/109-VI шешімімен (бұр.ред.қара); 2017.27.06 № 13/143-VI шешімімен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017.23.10. № 15/186-VI шешiмiмен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)