2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 54/557-VI шешімі
(2021.09.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 9 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
Түркістан облыстық мәслихатының 2021.04.02. № 2/9-VIІ шешімімен (бұр.ред.қара); Түркістан облыстық мәслихатының 2021.19.03. № 3/22-VIІ шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.18.06. № 7/58-VIІ шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.09.09. № 9/84-VIІ шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Түркістан облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер - 982 095 432 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер - 35 382 173 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер - 10 868 608 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 215 675 мың теңге;
трансферттер түсiмi - 935 628 976 мың теңге;
2) шығындар - 1 025 232 624 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 21 088 244 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 46 342 073 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 25 253 829 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 70 258 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 233 036 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 162 778 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - - 64 295 694 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 64 295 694 мың теңге.
Түркістан облыстық мәслихатының 2021.04.02. № 2/9-VIІ шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.18.06. № 7/58-VIІ шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.09.09. № 9/84-VIІ шешімімен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда