«Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 47 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 290 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 14 мамырдағы № 158 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 47 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26904 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның www.gov.kz интернет-ресурсында 2021 жылғы 20 желтоқсаннан 2022 жылғы 14 сәуірге дейінгі кезеңге Қазақстан Республикасының аумағына құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қант пен өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталар бөлуге қатысуға өтінімдер қабылданатыны туралы хабарландыру орналастырады.