Қазақстан Республикасының аумағына құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 14 мамырдағы № 158 бұйрығы
5-тармаққа сәйкес 2024 ж. 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 5 мамырдағы № 175 бұйрығымен күші жойылды
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына және «Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімі 7-тармағының 7.1.67 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауарлардың нысаналы мақсатын растау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тауарлардың нысаналы мақсатын растау нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 11 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда жарамды.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі | А. Сапаров |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және
интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»