Ақмола облысының елді мекендер аумағында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы № А-10/480 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы № 5С-42-3 шешімі
(2023.16.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 4 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақмола облысы әкімдігінің 2023.27.06. № А-7/254 және Ақмола облысы мәслихатының 2023.27.06. № 8С-3-8 бірлескен қаулысы мен шешімімен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10-бабы 1-тармағына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ақмола облысы әкімдігінің 2023.27.06. № А-7/254 және Ақмола облысы мәслихатының 2023.27.06. № 8С-3-8 бірлескен қаулысы мен шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Ақмола облысының елді мекендер аумағында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары осы бірлескен әкімдік қаулысының және мәслихат шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. «Ақмола облысының елді мекендер аумағында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № А-10/437 каулысының және Ақмола облыстық мәслихатының 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 5С-6-4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3449 тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2012 жылғы 2 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облысының әкімі | С. Кулагин |
| | |
| Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрайымы | Е.Мащинская |