2017-2019 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы
Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 11/91-6с шешiмi
(2017.23.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 18 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына және 75 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабаның 1 тармағының 1) тармақшасына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8/74-VІ «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы», Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3919 тіркелген шешіміне сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2017.31.01. № 13/113-6с шешiмiмен (бұр.ред.қара); 2017.23.02. № 14/117-6с шешiмiмен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2017-2019 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1)кірістер - 109 756 100 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 46 909 059 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 151 826 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 403 641 мың теңге;
трансферттер түсімі - 62 291 574 мың теңге;
2)шығындар - 114 676 038 мың теңге;
3)таза бюджеттік кредиттеу - 716 896 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 919 843 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 202 947 мың теңге;
4)қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;
5)бюджет тапшылығы - -5 636 834 мың теңге;
6)бюджет тапшылығын қаржыландыру - 5 636 834 мың теңге.
2. 2017 жылға арналған қала бюджетінде облыстық бюджеттен 19 001 119 мың теңге көлемінде субвенция қарастырылғаны ескерілсін.