Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығы
(2024.26.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 11 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Энергетика министрінің 2020.19.10. № 359 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2024.09.08. № 281 бұйрығымен (2024 ж. 26 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысы 2-тармағының 5) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2018.24.08. № 332 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің 2019.16.05. № 179 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2024.09.08. № 281 бұйрығымен (2024 ж. 26 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі - Ереже);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық органы - тиісті облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті туралы ереже.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;