Астана қаласының бас жоспары туралы (негізгі ережелерді қоса алғанда)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 33 Қаулысы
(2026.08.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2026.04.08. № 697 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 8 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 23-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының кешенді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған, Астана қаласының мәслихаты мақұлдаған Астана қаласының бас жоспарының жобасы (негізгі ережелерді қоса алғанда) бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
ҚР Үкіметінің 2026.04.08. № 697 Қаулысымен бас жоспары жаңа редакцияда (2026 ж. 8 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 25 қаңтардағы
№ 33 қаулысымен
бекітілген
Астана қаласының бас жоспары
(негізгі ережелерді қоса алғанда)
1-тарау. Кіріспе
Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 33 қаулысымен бекітілген.
Бас жоспардың негізінде 2035 жылға дейін елорданың аумағын дамытудың негізгі бағыттары жатыр, оған әлеуметтік, рекреациялық және өндірістік аймақтар, қаланы қажетті инженерлік және көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету кіреді.
Бас жоспар перспективада қаланы кешенді дамытудың, аумақты жоспарлы ұйымдастырудың, қаланың әлеуметтік және инженерлік-көлік инфрақұрылымы жүйесінің бағыттарын айқындайтын негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады.