«Астана қаласының бас жоспары туралы (негізгі ережелерді қоса алғанда)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 33 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 тамыздағы № 697 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астана қаласының бас жоспары туралы (негізгі ережелерді қоса алғанда)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 33 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 23-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының кешенді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 4 тамыздағы
№ 697 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 25 қаңтардағы
№ 33 қаулысымен
бекітілген
Астана қаласының бас жоспары
(негізгі ережелерді қоса алғанда)
1-тарау. Кіріспе
Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 33 қаулысымен бекітілген.
Бас жоспардың негізінде 2035 жылға дейін елорданың аумағын дамытудың негізгі бағыттары жатыр, оған әлеуметтік, рекреациялық және өндірістік аймақтар, қаланы қажетті инженерлік және көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету кіреді.
Бас жоспар перспективада қаланы кешенді дамытудың, аумақты жоспарлы ұйымдастырудың, қаланың әлеуметтік және инженерлік-көлік инфрақұрылымы жүйесінің бағыттарын айқындайтын негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады.