Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 281 Өкімі
(2021.20.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 26 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2014.17.09. № 911 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2015.19.05. № 2 Өкімімен (бұр.ред.қара); 2016.08.02. № 191 Жарлығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Президентінің 2016.09.06. № 275 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2016.10.10. № 357 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2017.20.10. № 568 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2019.22.07. № 74 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 195 Жарлығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Президентінің 2020.14.07. № 118 өкімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.20.02. № 515 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеуді жүзеге асыру мақсатында мынадай құрамда Комиссия құрылсын:
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы, басшы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі