Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссиясы туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 30 қазандағы № 110 бұйрығы
(2020.24.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 26 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия құрамы бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, таныстыруға және таратуға жатады.
| Министрдің міндетін атқарушы | Ж. Қасымбек |
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019.13.12. № 487 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.24.07. № 257 бұйрығымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
2014 жылғы 30 қазандағы
№ 110 бұйрығына 1-қосымша
Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі
комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық мүддені есепке алу және қорғау, сондай-ақ халықтың теле-, радиоарналарға қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында құрылды.
3. Комиссияның қызметі өзінің құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау және шешу кезінде айқындылық пен ашықтық негізінде жүзеге асырылады.