Ұлттық режимнен алып тастауға жататын машина жасау тауарларының және химия, металлургия және құрылыс өнеркәсіптері тауарларының, жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 114 бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ұлттық режимнен алып қоюды белгілеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 наурыздағы № 191 қаулысының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық режимнен алып тастауға жататын машина жасау тауарларының және химия, металлургия және құрылыс өнеркәсіптері тауарларының, жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті:
1) Тізбені осы бұйрыққа қол қойылған күні Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынуды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министрдің міндетін атқарушы | О. Сапарбеков |
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін
атқарушының
2024 жылғы 29 наурыздағы
№ 114 бұйрығымен
бекітілген
Ұлттық режимнен алып тастауға жататын машина жасау тауарларының және химия,
металлургия және құрылыс өнеркәсіптері тауарларының, жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің
тізбесі
| Р/с № | Атауы | ТЖҚ БНА коды |
| | Машина жасау тауарлары | |
| 1. | Электр энергиясын коммерциялық және техникалық есепке алу және телемеханика құрылғысы үшін автоматтандырылған ақпараттық-өлшеу жүйесі | 265170.990.000048 |
| 2. | Сорғы химиялық белсенді және агрессивті сұйықтықтар үшін, батпалы тік, берілуі 500 м3/с-қа дейін | 281314.900.000076 |