Қостанай облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 мамырдағы № 221 Қаулысы
(2023.02.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 15 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қостанай облысы әкімдігінің 2022.24.05. № 228 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесі бекітілсін.
2. «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қостанай облысының әкімі | А. Мухамбетов |
Қостанай облысы әкімдігінің 2022.24.05. № 228 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.22.10. № 474 Қаулысымен (2022 ж. 6 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тізбе жаңа редакцияда; Қостанай облысы әкімдігінің 2023.18.08. № 348 Қаулысымен тізбе өзгертілді (2023 ж. 2 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қостанай облысы әкімдігінің
2021 жылғы 4 мамырдағы
№ 221 қаулысымен
бекітілген
Қостанай облысының ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің
тізбесі
| № | Аудандар, қалалар бойынша объектілердің атауы |
| Алтынсарин ауданы |
| 1 | «Новоалексеевка» оқшау су құбыры |
| Амангелді ауданы |
| 2 | «Аман-Су» оқшау су құбыры |
| 3 | «Амантоғай» оқшау су құбыры |