Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 «Батыс Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-5 шешімі
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 «Батыс Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6407 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
1-бөлімде:
1-тармақтың төртінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді
бірінші жол келесі редакцияда жазылсын:
| 1 | Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Сакубитрил+ Валсартан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар; Эплеренон үлбірлі қабықпен қапталған таблетка |
;
жиырма алтыншы, жиырма жетінші жолдар алынып тасталсын;
1-тармақтың алтыншы абзацы 2026 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді
отыз сегізінші жол келесі редакцияда жазылсын:
| 38 | Басқа көріністі жылауықты фиброз, Муковисцидоз, аралас түрі, ішектер мен тыныс алу жолдарының зақымдалуы | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Инфузияға арналған құтыдағы микроэлементтер ерітіндісі, суда ерігіш дәрумендер, инфузияға арналған құтыдағы лиофилизат ұнтақ, май эмульсиялары, майда еритін дәрумендер, инфузияға арналған құтыдағы эмульсия Трилекса -«Элексакафтор 100 мг-тезакафтор 50 мг-ивакавтор 150 мг, Трилекса «Элексакафтор 100 мг-тезакафтор 50 мг-ивакафтор 75 мг |
;