Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 23/3 шешімі
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7673-15 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы | Л. Топорова |
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы мәслихатының
2024 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 23/3 шешіміне
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы мәслихатының
2023 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 11/4 шешімімен бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер