Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/4 шешімі
(2026.27.02. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы | Л. Топорова |
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2024.06.12. № 23/3 шешімімен (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.04. № 28/2 шешімімен (2025 ж. 6 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.18.02. № 38/4 шешімімен (2026 ж. 27 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы мәслихатының
2023 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 11/4 шешіміне
қосымша