Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/8-VIIІ «Абай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 25/8-VIII шешімі
Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 7 қазандағы № 31/8-VIII шешімімен күші жойылды
Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай аудандық мәслихатының «Абай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/8-VIIІ шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 256-18 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2 - қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | М. Нұрсұлтанұлы |
Абай аудандық мәслихатының
2025 жылғы 28 наурыздағы
№ 25/8-VIII шешіміне
қосымша
Абай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының
тізбесі
| № | Атауы |
| 1 | Ұлы Отан соғысының ардагерлері |
| 2 | Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер |
| 3 | Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері |
| 4 | Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар |