Абай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/8-VIII шешімі
(2025.26.04. берілген өзгерістермен)
Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 7 қазандағы № 31/8-VIII шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Абай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес анықталсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | М. Нұрсұлтанұлы |
Абай аудандық мәслихатының
2024 жылғы 28 наурыздағы
№ 14/8-VIII шешіміне
1 қосымша
Абай ауданы бойынша тұрғын үй сертификатының мөлшері
1. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден артық емес.
2. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден артық емес.
Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 2024.08.10. № 19/6-VIII шешімімен (2024 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.28.03. № 25/8-VIII шешімімен (2025 ж. 26 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-қосымша жаңа редакцияда
Абай аудандық мәслихатының
2024 жылғы 28 наурыздағы
№ 14/8-VIII шешіміне
2 қосымша