«Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 12/97-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 1 шілдедегі № 14/117-VIII шешімі
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 12/97-VIII шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы | Д. Рыпаков |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2024 жылғы 1 шілдедегі
№ 14/117-VIII шешіміне
қосымша
Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі
№ 12/97-VIII шешіміне
қосымша
Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 33) тармақшасына сәйкес әзірленді және құқықтық мәртебесі мен шаруашылық қызмет нысандарына қарамастан, барлық заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, сондай-ақ аула және қоғамдық аумақтарды абаттандыруға жауапты лауазымды адамдар үшін қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру тәртібін айқындайды.