Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 12/97-VIII шешімі
(2024.14.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 4-2) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы | Д. Рыпаков |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024.01.07. № 14/117-VIII шешімімен қағида жаңа редакцияда (2024 ж. 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2024 жылғы 12 сәуірдегі
№ 12/97-VIII шешіміне
қосымша
Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 33) тармақшасына сәйкес әзірленді және құқықтық мәртебесі мен шаруашылық қызмет нысандарына қарамастан, барлық заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, сондай-ақ аула және қоғамдық аумақтарды абаттандыруға жауапты лауазымды адамдар үшін қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың мақсаты елді мекендердегі аумақтардың кешенді және орнықты дамуына ықпал ететін қауіпсіз, жайлы, ыңғайлы, экологиялық қолайлы және тартымды қалалық орта құру болып табылады.