Өскемен қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 64/2-VI шешімі
(2021.11.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2021 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 44/495-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7989 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2021.12.03. № 3/2-VII шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.05.05. № 6/2-VII шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.14.07. № 8/2-VII шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.19.08. № 9/2-VII шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.11.10. № 11/2-VII шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2021-2023 жылдарға арналған қаланың бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес тиісінше, соның ішінде 2021 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 94 373 984,3 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 40 053 372,2 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1 026 541,6 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 20 724 928,6 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 32 569 141,9 мың теңге;
2) шығындар - 85 546 294,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -55 038,9 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 4 376,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 59 414,9 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 321 627,0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 341 850,0 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 20 223,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 8 561 101,4мың теңге;