«2024 - 2026 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 11/93-VIII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 4 мамырдағы № 16/142-VIII шешiмi
Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шымкент қаласы мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 11/93-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 190099 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Шымкент қаласының 2024 - 2026 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер - 686 842 805 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер - 354 419 056 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер - 13 211 702 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 19 138 115 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 300 073 932 мың теңге;
2) шығындар - 704 075 528 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 10 024 938 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 10 865 000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 840 062 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 27 257 661 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 27 257 661 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1 және 5-қосымшалары осы шешімнің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
| Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы | Б. Нарымбетов |
Шымкент қаласы мәслихатының
2024 жылғы 4 мамырдағы
№ 16/142-VIIІ шешіміне 1-қосымша
Шымкент қаласы мәслихатының
2023 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 11/93-VIII шешіміне 1-қосымша
Шымкент қаласының 2024 жылға арналған бюджеті
| | Санаты | | Атауы | Сомасы, мың теңге |
| | | Сыныбы | |
| | | | Ішкі сыныбы |
| 1 | 2 | 3 |
| | | | I. Кірістер | 686 842 805 |
| 1 | | | Салықтық түсімдер | 354 419 056 |
| | 01 | | Табыс салығы | 111 822 091 |
| | | 1 | Корпоративтік табыс салығы | 35 000 000 |
| | | 2 | Жеке табыс салығы | 76 822 091 |
| | 03 | | Әлеуметтiк салық | 52 256 881 |
| | | 1 | Әлеуметтік салық | 52 256 881 |