2024 - 2026 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы
Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 11/93-VIII шешiмi
(2024.12.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 8-бабы 2-тармағына, 75-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағына және «2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Шымкент қаласы мәслихатының 2024.19.03. № 14/116-VIII шешiмiмен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап күшіне енді) (бұр.ред.қара); 2024.04.05. № 16/142-VIII шешiмiмен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап күшіне енді) (бұр.ред.қара); 2024.11.07. № 19/161-VIII шешiмiмен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап күшіне енді) (бұр.ред.қара); 2024.10.10. № 21/182-VIII шешiмiмен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап күшіне енді) (бұр.ред.қара); 2024.12.12. № 23/196-VIII шешiмiмен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап күшіне енді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Шымкент қаласының 2024 - 2026 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер - 726 152 238 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер - 363 485 476 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер - 19 608 332 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 28 687 189 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 314 371 241 мың теңге;
2) шығындар - 743 189 189 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 24 983 704 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 26 080 997 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 097 293 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 4 546 917 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу - 4 650 292 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 103 375 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 46 567 572 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 46 567 572 мың теңге.
2. Шымкент қаласы мәслихатының 2024.12.12. № 23/196-VIII шешiмiмен алып тасталды (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап күшіне енді) (бұр.ред.қара)