2024 - 2026 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы
Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 11/93-VIII шешiмi
(2024.04.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 11 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 8-бабы 2-тармағына, 75-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағына және «2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Шымкент қаласы мәслихатының 2024.19.03. № 14/116-VIII шешiмiмен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап күшіне енді) (бұр.ред.қара); 2024.04.05. № 16/142-VIII шешiмiмен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап күшіне енді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Шымкент қаласының 2024 - 2026 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер - 686 842 805 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер - 354 419 056 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер - 13 211 702 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 19 138 115 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 300 073 932 мың теңге;
2) шығындар - 704 075 528 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 10 024 938 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 10 865 000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 840 062 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 27 257 661 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 27 257 661 мың теңге.
2. Қала әкімдігінің 2024 жылға арналған резервi 4 000 000 мың теңге сомасында бекітілсін.
3. 2024 жылға арналған жергілікті бюджеттердің атқарылуы процесiнде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
4. Қаладағы аудандардың 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалардың тiзбесi осы шешімнің 5-қосымшасына сәйкес бекітілсін.