Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 1073 Қаулысы
(2022.10.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 25 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2021.27.12. № 02-02/2363 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.20.09. № 02-02/1998 Қаулысымен (2022 ж. 10 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 4, 6-тармақтарына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2021.27.12. № 02-02/2363 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2021.27.12. № 02-02/2363 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақтау қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары белгіленсін.
3. «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысының міндетін атқарушы Г.Сулейманова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Д. Бегендіковке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.
1-қосымша. Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2021.27.12. № 02-02/2363 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)