ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Әділет министрінің 2017.13.01. № 33 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.20.03. № 445 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 304 бұйрығына
3-қосымша
«Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2018.20.03. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 30 сәуiрдегi № 251 бұйрығымен бекiтiлген «Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттау» туралы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (бұдан әрi - стандарт) негiзiнде көрсетiледi (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11407 болып тiркелген).
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны - электрондық.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi - аттестаттау емтиханын тапсыру қорытындылары бойынша оң немесе теріс шешiм не осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
2-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызмет берушiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-әрекеттi) бастау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнің стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттарды қоса алғанда көрсетiлетiн қызметтi алушының портал арқылы электрондық сұрауын алу негiздеме болып табылады.
5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы: