«Alatau» арнайы экономикалық аймағын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 211 Қаулысы
(2023.26.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 14 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2023.26.12. № 1187 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2023.26.12. № 1187 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. 2048 жылға дейінгі кезеңге «Alatau» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - «Alatau» АЭА) құрылсын.
ҚР Үкіметінің 2023.26.12. № 1187 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қоса беріліп отырған:
1) «Alatau» АЭА туралы ереже;
2) «Alatau» АЭА нысаналы индикаторлары бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
ҚР Үкіметінің 2023.26.12. № 1187 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 15 наурыздағы
№ 211 қаулысымен бекітілген
«Alatau» арнайы экономикалық аймағы туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Alatau» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) Алматы облысында, Алматы қаласының солтүстігіне қарай, 80 километрлік А3 (Алматы - Қонаев) тасжолының бойында, осы Ережеге қосымшаға сәйкес шекараларда орналасқан.
АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 96560 мың гектарды құрайды.
2. АЭА:
1) өңірдің дамуына жаңа серпін беретін жобаны іске асыру шеңберінде отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету;