«Білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алуды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 61 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 398 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.08.2023 ж. № 748 қаулысымен бекітілген балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың 5-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алуды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» 2023 жылғы 3 наурыздағы № 61 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алуды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментіне (Медетбекова М.А.) жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 398 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 3 наурыздағы
№ 61 бұйрығына қосымша
Орта білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алу жөніндегі
әдістемелік ұсынымдар
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Орта білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алу жөніндегі осы әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі - Әдістемелік ұсынымдар) жоғары педагогикалық назар аударуды және оларға әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуді талап ететін білім алушыларға қатысты орта білім беру ұйымдарының мектепішілік есебін жүргізуге арналған.
2. Әдістемелік ұсынымдар ұсынымдық сипатта болады.
3. Мектепішілік есепке алудың (бұдан әрі - МЕА) міндеттері: