Орта білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алуды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 61 бұйрығы
(2023.28.12. берілген өзгерістермен)
Жоғары педагогикалық назар аударуды талап ететін білім алушыларды уақтылы анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алуды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.28.12. № 398 бұйрығымен әдістемелік ұсынымдар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 3 наурыздағы
№ 61 бұйрығына
қосымша
Орта білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алу жөніндегі
әдістемелік ұсынымдар
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Орта білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алу жөніндегі осы әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі - Әдістемелік ұсынымдар) жоғары педагогикалық назар аударуды және оларға әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуді талап ететін білім алушыларға қатысты орта білім беру ұйымдарының мектепішілік есебін жүргізуге арналған.
2. Әдістемелік ұсынымдар ұсынымдық сипатта болады.
3. Мектепішілік есепке алудың (бұдан әрі - МЕА) міндеттері:
1) жоғары педагогикалық назар аударуды талап ететін балаларды уақтылы анықтауға;
2) білім алушыны білім беру ортасының жағдайына бейімдеуге көмектесу, оқу мотивациясын арттыруға;
3) ата-аналарға және өзге де заңды өкілдерге балаларды оқыту мен тәрбиелеуде көмек көрсетуге;
4) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуының, құқық бұзушылықтарының және қоғамға қарсы ic-әрекеттерінің алдын алуға;