Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2015 жылға арналған «Ақпараттық технологияларды қолдану» көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жауапты хатшысының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 294 бұйрығы
(2015.04.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жауапты хатшысының 2016 жылғы 28 наурыздағы № 290 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі 16-тармағының 6) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2015 жылға арналған «Ақпараттық технологияларды қолдану» көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Іс-шаралар жоспары тармақтарының уақтылы және тиісінше орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.
| Жауапты хатшы | Б. Атамқұлов |
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Жауапты хатшысының 2015.04.08. № 841 бұйрығымен іс-шаралар жоспары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігі жауапты хатшысының
2015 жылғы 19 наурыздағы
№ 294 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
«Ақпараттық технологияларды қолдану» көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі 2015 жылға арналған
іс-шаралар жоспары
| № | Іс-шаралар бағыты | Аяқталу нысаны | Іске асыру мерзімі | Жауапты құрылымдық бөлімшелер |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. Интернет-ресурстардың қолжетімділігі мен ашықтығының деңгейін арттыру (пайдаланушылардың санын көбейту, ақпаратты өзектендіру) |