«Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2016 жылғы 17 қарашадағы № 5/НҚ бұйрығы
(2017.04.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 7 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпараттандыру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2017.04.07. № 125/НҚ бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2016 жылғы 17 қарашадағы
№ 5/НҚ бұйрығымен
бекітілген