Мәдениет статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 1 бұйрығы
(2024.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2025 ж. 10 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021.02.02. № 5 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.14.09. № 22 бұйрығымен (2022 ж. 3 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.18.07. № 6 бұйрығымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 36) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) - 14) ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2023.18.07. № 6 бұйрығымен алып тасталды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) «Кино көрсетуді және кинофильмдерді шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі туралы есеп» (индексі 1-кино, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес;
16) «Кино көрсетуді және кинофильмдерді шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі туралы есеп» (индексі 1-кино, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес;