Введите номер документа
Прайс-лист

«Жекелеген мойынтірек түрлерінің экспортына айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 1150 Қаулысы

Информация о документе
Датавторник, 31 декабря 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 17 января 2025
Дата последнего изменениявторник, 31 декабря 2024

Жекелеген мойынтірек түрлерінің экспортына айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 1150 Қаулысы

 

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2 және 4-тармақтарына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) экспортына айрықша құқық берілген жекелеген мойынтірек түрлерінің тізбесі;

2) айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесі;

3) Жекелеген мойынтірек түрлерінің экспортына айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жекелеген мойынтірек түрлерінің экспортына айрықша лицензия беруді жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып айқындалсын.

3. Жекелеген мойынтірек түрлерінің экспортына айрықша лицензияның қолданылу мерзімі оның қолданысы басталған күннен бастап бір жылды құрайды және сыртқы сауда шартының (келісімшартының) қолданылу мерзімімен немесе айрықша лицензия беру үшін негіз болып табылатын құжаттың қолданылу мерзімімен шектелуі мүмкін.

4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

О. Бектенов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2024 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1150 қаулысымен

бекітілген

 

 

Экспортына айрықша құқық берілген жекелеген мойынтірек түрлерінің

тізбесі

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом