Атом энергиясын пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 747 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 811 бірлескен бұйрығы
(2023.13.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 1 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Энергетика министрінің 2018.30.10. № 426 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.30.10. № 35 бірлескен бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2021.19.07. № 236 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2021.26.07. № 72 бірлескен бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің 2023.30.01. № 43 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023.30.01. № 12 бірлескен бұйрығымен (2023 ж. 13 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
ҚР Энергетика министрінің 2018.30.10. № 426 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.30.10. № 35 бірлескен бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің 2023.30.01. № 43 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023.30.01. № 12 бірлескен бұйрығымен (2023 ж. 13 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес атом энергетикалық станцияларын, ядролық отын және оның құрамдастарын дайындау қондырғыларын, зерттеу ядролық (атом) реакторларын және термоядролық реакторларды пайдаланатын субъектілерге қатысты тексеруді жүргізуге арналған атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парағы;