Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2024 жылдың үшінші тоқсанына арналған шекті мәндерін бекіту туралы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2024 жылғы 4 шілдедегі № 42/04 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2024 жылдың үшінші тоқсанына арналған шекті мәндері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
| Қарағанды облысының әкімі | Е. Бөлекпаев |
Қарағанды облысы әкімдігінің
2024 жылғы 4 шілдедегі
№ 42/04 қаулысына қосымша
Қарағанды облысындағы 2024 жылдың 3 тоқсанына арналған шекті бағалар
| | | Коммерциялық ұсыныстар негізіндегі өндірушілердің, көтерме саудагерлердің бағасы | Кг/л/ондығы үшін орташа сату бағасы (өндіруші және көтерме сатушы) | 1 сауда үстемесін ескере отырып, кг/л/ондығы үшін 15%-дан аспайтын мөлшерде | 2 сауда үстемесін ескере отырып, кг/л/ондығы үшін 15% - дан аспайтын мөлшерде | Орташа логистикалық шығындар*, кг/л/ондығы үшін ** | Орташа сақтау шығындары, кг/л/ондығы үшін ** | Кг/л/ондық үшін шекті баға |