Шалқар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 мамырдағы № 178 «Шалқар ауданы бойынша бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 24 маусымдағы № 132 Қаулысы
Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шалқар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 мамырдағы № 178 «Шалқар ауданы бойынша бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 28080 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шалқар ауданының әкімі | Ж. Жидеханов |
Шалқар ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 24 маусымдағы
№ 132 қаулысына қосымша
Шалқар ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 11 мамырдағы
№ 178 қаулысымен бекітілген
Шалқар ауданы бойынша бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу
қағидалары
1 - тарау. Жалпы ережелер