Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығы
(2024.15.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.29.09. № 300 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 6 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.29.09. № 300 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 6 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.29.09. № 300 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 6 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.