2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № С-10/2 шешімі
(2024.25.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнiң 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2024.27.03. № С-11/3 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.28.06. № С-13/2 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.30.09. № С-15/2 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.03.12. № С-17/2 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.25.12. № С-18/2 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 73 232 774,9 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 53 065 449,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 202 032,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 4 358 573,7мың теңге;
трансферттер түсімі - 15 606 719,6 мың теңге;
2) шығындар - 83 034 807,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 328 540,8 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 86 920,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 415 460,8 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 9 473 491,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 9 473 491,4 мың теңге.
2. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52 бабының 1 тармағына сәйкес кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерінде белгіленді:
1) облыстық бюджетке төлем көзінен ұсталатын табыстан жеке табыс салығы бойынша - 100%;
2) Көкшетау қаласының бюджетіне әлеуметтік салық бойынша - 100%;