Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 632 бұйрығы
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2025 жылғы 11 маусымдағы № 160 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-бабы 6-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі | С. Брекешев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2022 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 632 бұйрығымен
бекітілген
Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-бабы 6-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және орман шаруашылығы саласындағы бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) уәкілетті орган - уәкілетті органның ведомствосы-орман шаруашылығы;