Абай облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 63 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 18 наурыздағы № 180 Қаулысымен күші жойылды
Абай облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Абай облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар, Абай облысының әкімдігі және мүдделі ұйымдар (келісу бойынша) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жылдың қорытындысы бойынша 25 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. «Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2019 жылғы 8 қазандағы № 742 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 31 қаңтардағы
№ 63 қаулысымен
бекітілген
Абай облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың
2023 - 2027 жылдарға арналған
кешенді жоспары
Кіріспе
Абай облысы өнеркәсіптік өңір болып табылады, өңір экономикасының негізін тау-кен өндіру саласы құрайды. Облыстың өнеркәсіп өнімінің көлемінде оның үлесі 58,1 %-ды құрайды.