Түркістан облыстық мәслихатының «Түркістан облысы елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын, Түркістан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 10 шілдедегі № 4/50-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 10/145-VIII шешімі
Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан облыстық мәслихатының «Түркістан облысы елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын, Түркістан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 10 шілдедегі № 4/50-VIII шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Түркістан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихат төрағасы | Н. Әбішов |
Түркістан облыстық мәслихатының
2024 жылғы 26 маусымдағы
№10/145- VIII шешіміне қосымша
Түркістан облыстық мәслихатының
2023 жылғы 10 шілдедегі
№ 4/50-VIII шешімімен бекітілді
Түркістан облысының қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Түркістан облысының қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидалары (бұдан әрі- Қағида) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-15) тармақшасына сәйкес әзірленді және құқықтық мәртебесі мен шаруашылық қызмет нысандарына қарамастан, барлық заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, сондай-ақ аула және қоғамдық аумақтарды абаттандыруға жауапты лауазымды адамдар үшін қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру тәртібін айқындайды.