Жезқазған қалалық мәслихатының 2021 жылғы 19 ақпандағы № 2./18 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Жезқазған қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 23 мамырдағы № 2/15 шешімі
Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 13 ақпандағы № 15/82 шешімімен күші жойылды
Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жезқазған қалалық мәслихатының 2021 жылғы 19 ақпандағы № 2./18 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Жезқазған қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6202 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы | Р. Капарова |
Жезқазған қалалық мәслихатының
2023 жылғы 23 мамырдағы
№ 2/15 шешіміне қосымша
Жезқазған қалалық мәслихатының
2021 жылғы 19 ақпандағы
№ 2./18 шешіміне
1 қосымша
Жезқазған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер