«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 17 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 12 наурыздағы № 214-НҚ бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 17 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Заң қызметі департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Заң қызметі департаментінің директорына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 13 наурыздағы
№ 214-НҚ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің
2019 жылғы 13тамыздағы
№ 17 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің
құрамы
1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысы, төраға;
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрлері, төрағаның орынбасарлары;
3. Сараптамалық кеңестің жұмыс органының қызметкері, хатшы;