Қызылорда облысының Қызылорда қаласы аумағындағы Сырдария өзенінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы
Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 720 Қаулысы
Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 201 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексіне және «Қазақстан Республикасының Су кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Кодексіне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілген жобалық құжаттама негізінде Қызылорда облысының Қызылорда қаласының аумағы шекарасында Сырдария өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері;
Қызылорда облысының Қызылорда қаласының аумағы шекарасында Сырдария өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылықта пайдалану режимі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Қызылорда облысы Қызылорда қаласының әкімі және «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
КЕЛІСІЛДІ
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Арал-Сырдария бассейіндік
инспекциясы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________ Ә. Қарлыханов
2017 жылғы «24» ақпан
Қызылорда облысы әкімдігінің
2017 жылғы 24 ақпандағы № 720
қаулысына қосымша
Қызылорда облысының Қызылорда қаласының аумағы шекарасында
Сырдария өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылықта пайдалану режимі
1. Су қорғау аймақтарының шегінде: